Lifestyle

Мұрат Бисембиннің қызы жүрек тебірентерлік жазба жариялады (видео)

фото: instagram

Жуырда өмірден өткен актер Мұрат Бисембиннің қызы жүрек тебірентерлік жазба жариялады. Естеліктерін бөлісіп, ауыр қайғысын жеткізді.

Актердің қызына желі қолданушылары көңіл айтып, жазба астына көптеген жылы пікір қалдырған

«Мәңгілік жадыда қалады, тұтас бір дәуірдің үні мен аңызы», «үздік актер, жақсы әке… Аңыз», «Иманды болсын», «Диана, сабыр тілейміз, бұл қайғыны ешкім толық түсіне алмайды» деген сынды пікірлер жазылды.

Еске сала кетейік, 8 қаңтар күні «Рэкетир» фильмінің жұлдызы, танымал актер Мұрат Бисембин 53 жасында дүние салды. Бұған дейін оның қатерлі ісік дертіне шалдыққаны белгілі болған. Кейін инсульт алып, ауруханаға түскені хабарланған еді.