
16 қаңтар күні түнгі 01:03-те болған апат салдарынан тағы үш адам жарақат алған.
Көлік министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы 16 қаңтар күні Ақтау-Бейнеу тас жолында Yutong маркалы жолаушылар автобусының қатысуымен жол апаты болған. Автобус 2025 жылдың 19 желтоқсанында техникалық байқаудан өткен және «CASPIAN TRANS CORPORATION» LLC компаниясында тіркелген.
«Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытында келе жатқан автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт жолаушы қаза тауып, үш адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді. Автобуста барлығы 50 адам болған. Аталған автожол учаскесі техникалық II санатқа жатады. Жол жамылғысы асфальтбетонды, жолдың ені 9 метрді құрайды. Жол жамылғысында ақаулар анықталған жоқ. Жол белгілері бекітілген дислокацияға сәйкес толық көлемде орнатылған», – делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы кезінде көлікті 1985 жылы туған жүргізуші басқарған. Алдын ала мәлімет бойынша апат болған жерден шамамен 200 шақырым бұрын рөлді екінші жүргізушіге берген.
Осы оқиға бойынша Маңғыстау облысы полиция департаменті қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.