Қырғызстанда той мен ас беруге қатаң шектеулер енгізілуі мүмкін

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров 50 мыңға қандай дастархан жаяды / фото: shutterstock
фото: shutterstock

Қырғызстанның министрлер кабинеті «Отбасылық салтанаттар мен еске алу рәсімдерін реттеу шаралары туралы қаулы» жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Құжат азаматтардың артық шығындарын азайтуға және салт-дәстүрлер кезіндегі әлеуметтік қысымды төмендетуге бағытталған.

Той-жиынға қойылатын талаптар:

  • Қонақ саны: Үйлену тойлары мен отбасылық салтанаттарға 200-ден аспайтын адам шақыруға рұқсат беріледі.
  • Мал сою: Салтанатты шаралар үшін бір ірі қарадан (жылқы немесе сиыр) артық мал союға тыйым салынады.
  • Шекті мөлшер: 350 адамнан асатын тым ірі тойлар өткізуге жол берілмейді.
  • Артық шығындар: Фейерверктерге, шамадан тыс шоу-бағдарламаларға, сондай-ақ киіт кигізу, себет беру, түстендіру сияқты ысырапшыл дәстүрлерге тыйым салынады. Қымбат сыйлықтар беруге мәжбүрлеу тоқтатылуы тиіс.

Жаназа мен еске алу рәсімдері:

  • Жаназа күні: Жерлеу күні мал соймау ұсынылады.
  • Ас беру: Жылдық ас беру міндетті болмауы тиіс.
  • 3, 7, 40 күндік астар: Еске алу рәсімдерінде тек уақ мал немесе бір ірі қарадан (жылқы немесе сиыр) артық союға болмайды.
  • Қайырымдылық: Билік өкілдері даңғаза астардың орнына қайырымдылық жасауды, мешітке садақа беруді немесе қаржыны қоғамдық қажеттіліктерге жұмсауды ұсынады.

Былтыр көктемде елімізде мүфтият та аста-төк дастархан жаймау туралы айтқан еді. Ол жайлы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз