Жаңалықтар

Қысқы Олимпиаданы қайдан көруге болады

Қысқы Олимпиаданы қайдан көруге болады / Фото: ХОК

Қазақстандық телеарналар 6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV Қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Олимпиаданың ашылу салтанаты 6 ақпанда өтеді. Бұл шара мен Олимпиаданың жарыстық бағдарламасын қазақстандық телекөрермендер «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «Jibek Joly» республикалық телеарналарынан көре алады. Жарыс орнында қазақстандық түсірілім топтары жұмыс істейтін болады.

Тарихта алғаш рет қысқы ойындарды екі қала қабылдайды – Милан және Кортина-Д-Ампезцо. Олимпиадаға 100-ге жуық елден 3000-ға жуық спортшы қатысады.

Қазір Қазақстанның үш спорт түрінен – шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанаудан олимпиадалық квотасы бар. Квоталардың нақты саны қаңтар айының соңында белгілі болады.