Қызылордада 20 млрд теңгеге салынған стадион УЕФА лицензиясынан өтпеді

Қызылордада былтыр қарашада ашылған жаңа стадион УЕФА лицензиясын алмаған. Бұл жайлы Tengri сауалнамасына жауап берген Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Яғни, әзірге стадион халықаралық кездесулерді қабылдай алмайды.
«2025 жылдың қазан айында ашылған, 11 мың көрерменге арналған Қызылордадағы жаңа көпфункционалды «Қайсар Арена» кешенінің қазіргі таңда УЕФА-ның халықаралық санаты жоқ. Осыған байланысты УЕФА уәкілетті тұлғаларының халықаралық санат алу үшін «Қайсар Арена» стадионына инспекция жүргізуі ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланған. Инспекция нәтижесі бойынша стадионға УЕФА-ның III санатынан төмен емес дәреже беріледі деп күтеміз», – деп жазылған министрлік жауабында.
Ведомство атап өтуінше, санат тек стадионға ғана емес, орналасқан қалаға да байланысы болды. Яғни сол қалада халықаралық әуежай, бес жұлдызды бірнеше қонақүй, әрбір құрама жаттыға алатындай базалар болуы керек.
Еске салайық, биыл елімізде бірнеше жаңа стадион қатар салынғалы жатыр. Ең үлкен стадион Алматы қаласында салынады. Ал Семейде 25 мың орындық жаңа стадион құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ Ақтөбеде 35 мың орындық заманауи футбол стадионы салынатыны хабарланған.