Мачадо Трампқа Нобель медалін сыйлады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Мария Мачадо
facebook.com/mariacorinaya

Венесуэла оппозициясының жетекшісі Мария Корина Мачадо АҚШ президенті Дональд Трампқа Нобель медалін сыйлады. Ақ үй басшысы риза.

«Венесуэлалық Мария Корина Мачадомен бүгінгі кездесу мен үшін үлкен абырой. Көп қиыншылық көрген ғажап әйел. Мария істеген ісім үшін маған Нобель бейбітшілік сыйлығын сыйға тартты. Құрмет белгісі деп қабыл алдым. Рақмет, Мария!» – деп жазды Трамп өзіне тиесілі Truth Social әлеуметтік желісіне.

Ақ үй басшысы Нобель медалін алуды көптен бері армандап жүрген. Былтыр оны бірнеше ел бейбітшілік сыйлығына ұсынған. Алайда Нобель комиссиясы медальді Мачадоға тапсырған.

16 қаңтарға қараған түні Трамп пен Мачадо Ақ үйде кездесті. Оппозиция жетекшісі Венесуэла елін басқарғысы келеді. Дегенмен АҚШ президенті бұның алдында Мачадоны осы елдің басшысы ретінде қолдамайтынын мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың басында америкалықтар Венесуэла президенті Николас Мадуроны резиденциясынан ұрлап алып кеткен. Енді оны Құрама Штаттарда соттап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз