
Жаслан Мәдиев басқаратын министрлік 1 миллионға жуық азамат жасанды интеллект бойынша оқудан өткен туралы есеп берді. Мәліметті Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жариялады.
Қалай үлгерген?
Президенттің «цифрлық елге мамандарды даярлау жөніндегі тапсырмасы қалай орындалып жатқаны» туралы есепте студенттер мен мұғалімдер дәрістен өткені айтылған.
Министрлік мәліметінше, 650 мыңнан астам студент AI Sana бағдарламасы аясында дәріс алып, сертификат алған.
Ал 300 мыңға жуық мұғалім, сонымен бірге 50 мыңнан астам мемлекеттік қызметші AI Qyzmet оқыған.
Тағы 186 мың адам Astanahub сайтына жүктелген «ЖИ негіздері: ChatGPT» курсын тегін жүктеп алған.
Министрлік тағы бірнеше оқу бағдарламалары мен дәрістерді мысалға келтіріп, ЖИ үйренген 1 млн адамның есебін толтырды.
Тегін оқу
Мекеме дерегінше, Қазақстанда 19 өңірлік IT-хаб жұмыс істейді.
«Онда кез келген азамат цифрлық дағдыларды тегін меңгеріп, практикалық дайындықтан өте алады. Онлайн форматтар тұрғылықты жеріне қарамастан оқуға мүмкіндік береді», – деп таратты министрлік.
Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» деп аталатын жолауын 2025 жылғы 8 қыркүйекте жасаған.