Қонаев қаласында жер сілкінді
Жарияланды

16 қаңтарда түнгі сағат 02:11-де Қонаев қаласына жақын маңда жер сілкінді. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақ ұлттық деректер орталығы мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Мекеменің сейсмикалық топтары тіркеген мәліметке сәйкес, жерасты дүмпуі Алматы облысының орталығынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 16 км жерде болған.
Жер сілкінісінің магнитудасы 2.8 балл деп бағаланды. Дүмпу ошағы Алматы қаласынан шамамен 85 км жерде орналасқан.

Қапшағай су қоймасы маңы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады.
Естеріңізге сала кетейік, апта басында – 12 қаңтарда Алматы қаласына өте жақын маңда жер сілкінген.