
Higgsfield ЖИ-стартабының бір жылдық табысы 200 млн доллар болды. Белсенді түрде масштабқа шыққаннан кейінгі 9 ай ішінде осындай көрсеткішке жетті. Бұл жайлы жобаның негізін қалаушылардың бірі және CEO-сы Алекс Машрабов хабарлады.
Higgsfield екі ай уақыт ішінде түсімін 100 млн доллардан 200 млн долларға дейін екі есе арттырды. Series A раундында барлығы 130 млн доллар инвестиция тартып, нарықтық құнын 1,3 млрд доллардан асырды және ресми түрде «unicorn» мәртебесін иеленді. Инвесторлар қатарында Accel, Menlo Ventures, GFT Ventures және Alpha Intelligence Capital сияқты ірі қорлар бар
Платформаны бүгінде бүкіл әлем бойынша 15 миллионнан астам адам пайдаланады.
Higgsfield жасанды интеллект арқылы видео және визуалды контент жасау нарығында жұмыс істейді. Команда бұл нарықтың әлеуетін триллиондаған доллар деп бағалап отыр.
Былтыр күзде стартап құны 1 млрд доллар деп бағаланып, ел тарихында алғаш рет unicorn (сыңармүйіз стартап) мәртебесіне ие болды. Платформаны сатып алуға Марк Цукерберге те ниеттенген, бірақ команда ол ұсыныстан бас тартты.