Lifestyle

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі немен айналысатынын айтты

фото: instagram

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман өнер саласындағы қызметі туралы мәлімдеді. Instagram парақшасында режиссер және педагог-хореограф мамандықтары бойынша екі бірдей дипломы бар екенін жазды.

Сондай-ақ театрда балет әртісі ретінде жұмыс істегенін жеткізді. Қазіргі таңда ірі жобалар мен концерттерді ұйымдастырумен айналысады.

Айта кетейік, бұған дейін әзілкештің әйелі желіде өзін қаралағандарды сотқа берген еді.