Алматыда алдағы күндері қатты аяз күтілуде

Алматыда қаңтардың екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасы күрт төмендеп, қатты аяз күтілуде. Бұл туралы қаланың Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Алматы ТЖД өрт бақылау саласының басты маманы Руслан Қасенов тұрғындарға аяз кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
«Өзіндік жасалған жылыту құралдарын қолдануға болмайды, ақаулы электр және газ жабдықтарын пайдалануға тыйым салынған, электр желілерін шамадан тыс жүктемеу қажет, яғни қуатты электр құралдарын бір розеткаға немесе ұзарғышқа қоспау керек», – деді ол.
Қазіргі уақытта қалалық қызметтер де күшейтілген режимге көшті.
Еске салайық, бүгін 16 қаңтарда еліміздің шығысында -36 градус, солтүстік мен батысты орталықта күн суық, оңтүстікте күн жылы болады.