
Америкалық GOBankingRates сарапшылары 2026 жылдың басындағы ең сенімді автомобильдер тізімін жасады.
Toyota тағы да көшбасында
Жапондық брендтің бірден үш моделі – Toyota Camry, Corolla және Prius көш басына шығып, көпшілік осы модельдерге көбірек сенім артанынын байқатқан. Күрт өзгерістердің болмауы, тексерілген техникалық шешімдер мен болжамды қызмет ету ресурсы бұл көліктерді пайдалануда барынша сенімді етеді.
Consumer Reports жүргізген соңғы сауалнамада Toyota сенімділік бойынша бірінші орынға шықты, ал Camry J.D. Power зерттеуінде орта класс сегментіндегі ең үздік автомобиль атанды.
Ал Prius өз алдына бөлек аталады. 100 шақырымға шамамен 4,1 литр отын жұмсайтын бұл модель техникалық тұрғыда күрделірек болғанымен, гибридті технология саласында Toyota-ның тәжірибесі мол, сондықтан ол да сенімді көліктер қатарында.
Subaru, Lexus және Honda – классикалық таңдау
Subaru Forester мен Impreza – толық жетек пен қауіпсіздікті бағалайтындар үшін классикалық таңдау. Қазақстанда Forester кеңінен танымал болса, ықшамдау Impreza моделі де, әсіресе соңғы жылдардағы нұсқалары, жолдарда сирек ұшырасады.
Lexus NX пен RX –те жайлылығы жоғары, көпшіліктің сенім артатын өнімге айналып, нарықта орынын айқындаған моделдердің бірі. Бұл кроссоверлер көптен бері тұрақты және иесін артық әуре-сарсаңға салмайды.
Honda HR-V де тізімге енген, алайда Қазақстан үшін әзірге сирек модель. Бренд өлшемімен алғанда салыстырмалы түрде жас болғанымен, Honda-ның дәстүрлі сенімділік стандарттарын сақтап отыр.
Корей брендтері де деңгейін ұстап тұр
Бұл қатарда Kia Sorento Hybrid пен Hyundai Elantra Hybrid ерекше аталады. Соңғы Consumer Reports есебінде Kia бренді жалпы рейтингте оныншы орынға ғана ие болғанымен, гибридті Sorento АҚШ-та жоғары сенімділікке ие. Сарапшылар оны тіпті ең сенімді үш қатарлы кроссовер деп те атайды.
Ал гибридті Hyundai Elantra үнемділігімен ерекшеленеді: 100 шақырымға 4,4 литр жанармай жұмсауы бұл седанды қала ішінде пайдалануға өте қолайлы етеді.
Қазақстандықтан үшін қай модель маңызды
Көптеген автокөліктер қазақстандықтарға жақсы таныс: Toyota Camry мен Corolla, Lexus RX пен NX, Kia Sorento – бұл модельдер елде кең таралған.
Ал Toyota Prius, Subaru Impreza және Honda HR-V сирек кездеседі, негізінен импорт арқылы келеді.
Еске салайық, 2026 жылы Қазақстанның автокөлік нарығы тұрақты өсімін жалғастырады, баға жағынан жаңа отандық темір тұлпарларға қатысты айтарлықтай өзгеріс болмайды. Автоодақтың болжамына сәйкес, ресми дилерлер арқылы сатылатын жаңа автокөліктердің бағасы сәл қымбаттамайды. Импорттық жаңа көліктер сегментінде бағаның өсуі 4-5% деңгейінде күтіледі.