Атырау облысында жоғалған отбасының балаларын іздеу тоқтатылды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Атырау облысында жоғалған отбасы
фото: Атырау облысының полиция департаменті

Атырау облысы Жангелдин ауылында хабар-ошарсыз кеткен Наурыз бен Мирамгүлді іздеу-құтқару жұмыстары тоқтатылды.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқару бөлімшелері өңірлік Полиция департаментінің ресми сұрауы бойынша іздеуге жұмылдырылып, елді мекен аумағын тексеруге көмектескен. Осы уақытқа дейін олар полиция белгілеген барлық аймақтарды толық тексеріп шыққан.

«Полиция анықтаған барлық учаскелер толығымен тексерілді. Қазіргі уақытта Полиция департаментінен іздеу шараларын жалғастыру бойынша жаңа бағыттар немесе қосымша сұраулар түскен жоқ», — деп нақтылады ТЖД өкілдері.

Еске салайық, бұл істе күдікті ретінде отбасының күйеубаласы Сұлтан Сәрсемалиев танылып отыр. Қазір оған және Ақбаянға іздеу жарияланған.

Жоғалған отбасы жайлы мына жерден толық оқи аласыздар.

Сондай-ақ оқыңыз