
Атырау облысы Жангелдин ауылында хабар-ошарсыз кеткен Наурыз бен Мирамгүлді құтқарушылар іздеу-құтқару жұмыстарын полициядан жаңа сұрау түскенге дейін жүргізіп жатқан жоқ.
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқару бөлімшелері өңірлік полиция департаментінің ресми сұрауы бойынша іздеуге жұмылдырылып, елдімекен аумағын тексеруге көмектескен. Осы уақытқа дейін олар полиция белгілеген барлық аймақты толық тексеріп шыққан.
«Полиция анықтаған барлық учаске толығымен тексерілді. Қазіргі уақытта Полиция департаментінен іздеу шараларын жалғастыру бойынша жаңа бағыттар немесе қосымша сұраулар түскен жоқ», – деп нақтылады ТЖД өкілдері.
Десе де, іздеу жұмыстарын полиция департаменті жалғастырып жатыр.
Еске салайық, бұл істе күдікті ретінде отбасының күйеубаласы Сұлтан Сәрсемалиев танылып отыр. Қазір оған және Ақбаянға іздеу жарияланған.
Жоғалған отбасы жайлы мына жерден толық оқи аласыздар.