Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Шанхайдағы Tmall NEWTY Festival-дің басты жұлдызы болды

фото: Димаш Құдайбергеннің ресми сайтынан

Димаш Қытайға барып, авторлық  «Fire» композициясымен Tmall NEWTY Festival шымылдығын ашты. Сондай-ақ осыдан 10 жыл бұрын Қытайдың «Singer» жобасында зор табыспен орындаған аңызға айналған «All By Myself» әнін шырқады. Бұл жайлы әртістің ресми сайты хабарлайды.

Tmall NEWTY Festival  жаңа брендтер арасындағы «Оскар» сыйлығы деп аталады. Мұнда маркетинг, сән, дизайн және мәдениет саласындағы идеялар тоғысады. Инновациялар үшін марапаттау рәсімі танымал әртістердің музыкалық нөмірлерімен ұласты.

Димаш салтанатты шараның жабылуында «Олимпико» кантатасын орындап, көпшіліктің зор қошеметіне бөленді.

Димаштың бұл платформа шараларына қатысуы игі дәстүрге айналған. Бұған дейін ол Шанхайда өткен «Global Shopping Festival» аясында «Кошки» мюзикліндегі «Memory» әнін орындаған еді.

Былтыр жыл соңында Димаштың Love Is Not Over Yet әні Чехияның ÓČKO CHART сыйлығын жеңіп алған.