Елде дрон басқара алатын мамандарды даярлайтын әскери мектеп ашылды

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтында ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) мамандарын даярлайтын арнайы мектеп жұмысын бастады. Бүгінде 300-ден астам курсант заманауи соғыс тәсілдерінің негізіне айналған FPV-дрондарды меңгеруге кірісті деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінен.
Оқу бағдарламасының ерекшеліктері
Курсанттар тек ұшуды ғана емес, дрон технологиясының толық циклын меңгереді:
- Техникалық дайындық: Кешендердің құрылысы, техникалық қызмет көрсету және қауіпсіздік шаралары.
- Инженерлік дағды: Мектеп нұсқаушылары шағын FPV-дрондардан бастап, орташа өлшемді «камикадзе» дрондарға дейін өздері жинайды. Бұл дағды курсанттарға да үйретіледі.
- Виртуалды дайындық: Ең алдымен компьютерлік симуляторлар арқылы ұшу тапсырмалары орындалып, техникаға қауіп төндірмей машықтану жүргізіледі.
Мектеп аумағында арнайы дрон-трасса салынған. Практикалық сабақтар кезінде курсанттар дрондарды ұшырып, кедергілер арасында маневр жасауды үйренеді. Барлау мен бақылау жүргізу тапсырмаларын орындайды.
Әскери мектептің бастығы подполковник Данияр Ділдабаевтың айтуынша, заманауи технологияларды меңгеру курсанттарға тек әскери салада ғана емес, көптеген бағыттарда қолданылатын аппараттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді