Болат Назарбаев суреті Threads-те көпшіліктің ызасын туғызды

Жарияланды 18 Қаңтар 2026 11:22

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Болат Назарбаев пен немересі
фото: threads.com/@bolatovadiii

Экс-президенттің бауыры Болат Назарбаев пен оның немересінің суреті Threads әлеуметтік желісінде көпшіліктің ызасын туғызды.

Тредсті дүрліктірген жазба

Қазақстанда танымал әлеуметтік желіге @bolatovadiii аккаунтымен тіркелген қолданушы Болат Назарбаев пен оның немересі түскен суретті жариялап, «Жатқан жеріңіз жайлы болсын ата» деп жазды. Бір тәуліктің ішінде жазбаны 815 млн адам көріп, мыңдаған адам пікір жазды. Олардың дені сіни пікір қалдырды. Көпшілік аккаунт иесін марқұмның немересі деп есептейді.

Ең көп «like» жинаған үш пікірдің мазмұны мынадай:

  • «Масқара, адамдар не жазып жатыр. Бәрімен келісем!»
  • «Өлген адам туралы жаман сөз айтуға болмайды, бірақ мұндай қағида Болатқа жүрмейді»
  • «Масқара. Адамдардың жазбайтыны жоқ. Естен адастыңдар ма? Мен бәріне «like» қойып үлгермей жатырмын».
Болат Назарбаев немересі
Threads желісінде Болат Назарбаев туралы жазбадан скриншот

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған бауыры Болат 2023 жылғы 13 қарашада 70 жасында дүние салды. Оның дүние-мүлкін 15 туысы бөліп алды. Бірақ әлі күнге дейін рейдерлік, яғни өзгенің мүлкін күшпен тартып алуға қатысты жанжалдар басылмай тұр.

Сондай-ақ оқыңыз