Tesle жеңіл электрокары ауыр Tank 300 қытай көлігін аударып түсірді (видео)

Қытай тіліндегі әлеуметтік желілер 18 қаңтардағы ірі жол апатын талқылап жатыр. Онда Model Y жеңіл электромобилі жол талғамайтын Tank 300-ді аударып түсірген.
Вирус боп тараған апат
Көліктер соғысқан кезде түсірілген видео Weibo, Douyin секілді желілерде вирус боп тарады.
Model Y электрокарын миллиардер Илон Маскінің Tesla компаниясы шығарған. Ал Қытайда танымал Tank 300 көлігін Great Wall Motors өндіреді.
Апатқа кім кінәлі
Желілерде тараған видеодан жеңіл электрокардың ауыр көлікті бір бүйірінен көтеріп, аударып тастаған сәтін көруге болалы. Интернеттегі дүйім жұрт жол апатына нақты кімнің кінәлі екенін дәл анықтай алмай, сөз таластырып жатыр. Біреулер қытай көлігі жолды бөгеп, арандатты десе, тағы бір топ америкалық электрокар жүргізушісін артық кетті деп сынады.
Дегенмен екі жүргізуші де кең жолға симай, бір біріне жол бергісі келмегенін анық аңғаруға болады. Алайда Tank аударылып, жолда қалса, Tesla жүрісінен жаңылмағанға ұқсайды.
Жол апатына кінәлілерді қытай полициясы тексереді.
Желіде кең талқылаған осы оқиға америкалық Tesla мен Қытай автоөндірушілер арасына бәсеке қызып тұрған шақта болып отыр. Автонарықтағы осы жарыста кейінгі жылдары қытайлықтар суырылып алға шықты.