2026 жылғы Олимпиадаға Қазақстан тағы да лицензия алды

Халықаралық шаңғы Федерациясы (FIS) 2026 жылғы Олимпиада ойындарына лицензияларды бөлу туралы түпкілікті шешім қабылдады. Шаңғы спорт түрлерінде Қазақстан 2026 жылғы Олимпиадаға 21 спортшыны Миланға жібере алады.
FIS ұпайларды түпкілікті есептеу барысында Қазақстан шаңғы жарысында 7 квота (төртеуі әйелдер жарысына және үшеуі ерлер жарысына), шаңғымен трамплиннен секіруде 2 квота (екеуі де ерлер), қоссайыста 1 квота (ерлер арасында), тау шаңғысы спортында 2 квота (бір еркек және бір әйел) бөлді), фристайл-могулда 4 квота (үш әйел және бір еркек) және фристайл-акробатикада 5 квота (бір әйел және төрт әйел) алды.
Енді Қазақстан бөлінген квоталарды растауы, сондай-ақ, Олимпиадаға баратын спорт түрлерінің әрқайсысында ел намысын қорғайтын спортшылардың есімін жариялауы тиіс.
Шаңғы түрлеріндегі квоталар расталғаннан кейін Қазақстан жалпы 2026 жылғы Миландағы Олимпиадаға 36 спортшы жібере алады. Бұған дейін Қазақстанның биатлоннан 4, конькимен сырғанаудан 5, шорт-тректен 4 және мәнерлеп сырғанау 2 лицензия алған еді.
Айта кетейік, қазақстандық телеарналар 6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV Қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді.