Ақтөбе облысындағы дәмханада газ жарылып, бес адам зардап шекті

Ақтөбе облысының Хромтау қаласындағы қоғамдық тамақтану ғимаратында газ жарылып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды «Диапазон«.
Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 19 қаңтарда сағат 17.45 шамасында болған.
«Ғимаратта ыстық сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын газ жабдықтары болды. 12 литрлік газ баллонынан кенеттен от шығып, соның салдарынан ғимарат қирады», – деп хабарлады ТЖД.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Көп қабатты үйлердің арасында орналасқан бір қабатты шағын ғимаратта жарылыс болды. Куәгерлердің хабарлауынша, жарылыс күшті болып, ол көпқабатты үйдің бірнеше кіреберісіндегі терезелер шағылған.
Денсаулық сақтау басқармасы күйікпен аудандық ауруханаға бес адам жеткізілгенін хабарлады. Бір жәбірленуші реанимацияда, оның денесінің 20% күйіп, төрт адам травматология бөліміне түскен.
Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталады.