FIFA Series 2026 турниріндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы FIFA series 2026 жолдастық матчтарының жаңа халықаралық турниріндегі қарсыластарының тізімін білді.
Ұлттық құраманың қарсыластары Намибия, Комор аралдары және Кувейт құрамасы болатыны анықталды. Матчтар Астанада 2026 жылғы 23-31 наурыз аралығында «Астана Арена» стадионында өтеді.
Қазақстан ерлер ұлттық құрамалары арасында FIFA Series 2026 матчтарын өткізу сеніп тапсырылған елдердің қатарына енді. Қазақстаннан басқа, турнирдің қожайыны Австралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан болады. Турнир аясында әйелдер ұлттық командаларының кездесулерін Бразилия, Кот-д’Ивуар және Тайланд өткізеді.
FIFA series форматы әр топқа әртүрлі конфедерациядан төрт құраманың қатысуын қарастырады. Әр команда «төрт финал» форматында екі жолдастық матч өткізеді, бұл ұлттық құрамалар күнтізбесінде жүктемені арттырмай сапалы халықаралық тәжірибені қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.