Kazakhmys Copper «Қазақмыс» корпорациясын иелігінен толық шығарды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
«Қазақмыстың» иесі ауысты / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Kazakhmys Copper холдингі «Қазақмыс» корпорациясын иелігінен шығарды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтына жолданған хабарламада жазылған.

Құжатта Kazakhmys Copper компанияның 99,9 пайыз акциясын иеліктен босатқаны туралы жазылған. Шешім 2025 жылдың 30 желтоқсанында қабылданған. Енді Kazakhmys Copper құрамында тек Qaz Copper Group ЖШС қалған.

Ашық дереккөзге сәйкес, «Қазақмыс» корпорациясының қазіргі иесі – Qazaq Acquisition Corp. Ltd. Ал бұл компанияның құрылтайшысы – кәсіпкер Нұрлан Артықбаев.

2025 жылдың аяғында «Қазақмыс» корпорациясы Qazaq Stroy компаниясының иесіне сатылды. «Қазақмысты» Артықбаев Швейцариядағы шикізат трейдері Mercuria Energy Group Ltd-дан қарызға алған 1,2 млрд доллаға сатып алған.

Оған дейін компанияның 70% акциясын – Владимир Ким, ал 30%-ын Эдуард Огай иеленген еді.

Сондай-ақ оқыңыз