Жаңалықтар

Қор нарығы: Трамп риторикасының жұмсаруы нарықтың өсуіне алып келді

Акции, голубые фишки, биржа
фото: Shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров

S&P 500

Бір аптада  S&P 500 фьючерсі 0,18%-ға өсіп, 6940 пунктке жетті. Жоғары технологиялы Nasdaq 100 индексі де ұқсас қозғалды: ең жоғары шегінде 1,36%-ға өсті. Ал күн қорытындысы бойынша 0,39% өсіммен 25 544 деңгейінде жабылды.

Нарықтың өсуіне негізгі түрткі, шамасы, Дональд Трамптың риторикасының жұмсаруы болды. Бір күн бұрын ол Иранда адамдардың қаза табуы тоқтағанын, ал өлім жазасы жоспарланбайтынын мәлімдеген.

Трамптың жұмсақ мәлімдемелері ірі инвесторлардың сатып алуымен тұспа-тұс келді. Егер 12 қаңтар мен сейсенбі, 13 қаңтарда олар SPDR S&P 500 ETF Trust (SPY) акцияларын 4,09 млрд долларға сатқан болса, (бұл орташа деңгейден жоғары көрсеткіш), сәрсенбі күні керісінше SPY-ді 4,8 млрд долларға сатып алды.

Вашингтонның Иранға шектеулі соққы жасауына да уақыт көп емес. 18қаңтар күні Трамп Давоста өтетін форумға ұшып кетеді. Жол үстінде немесе басқа елден операцияны басқару қиын. Демек шабуыл жасауға бар болғаны 2 күн қалды немесе оны 1,5 аптаға кейінге қалдыру қажет болады.

АҚШ-та макроэкономикалық деректер бойынша жұмыссыздық жәрдемақысына өтінімдер статистикасы жарияланды. Көрсеткіш Уолл-стриттің күткенінен де жақсы шықты. Осыны Чикаго ФРБ басшысы Остан Гулсби пайдаланды. Ол еңбек нарығының тұрақтанып келе жатқанын көрсететін дәлелдер бар екенін атап өтті және ФРЖ үшін басты басымдық инфляцияны 2,0% мақсатты деңгейге қайтару екенін айтты.

10 жылдық қазынашылық облигациялар кірістілігі 4,14%-дан 4,17%-ға дейін өсті. Қаңтар айында пайыздық мөлшерлемені төмендету ықтималдығы 5,0%-дан 4,4%-ға дейін қысқарды.

Корпоративтік есептілікте банктердің «шытырман оқиғалары» жалғасты. Morgan Stanley (MS) Уолл-стрит болжамдарынан сенімді түрде асып түсті. Ал Goldman Sachs (GS) сәл «тайып» кетті. Бір акцияға шаққандағы таза пайда (EPS) 14,01 доллар болды (күтілгені – $11,62). Алайда кіріс небәрі 13,45 млрд долларға жетті, ал нарық 14,49 млрд долларды күтті.

Премаркетте GS акциялары алғашында 1,26%-ға төмендеп, 920,91 доллар деңгейіне түсті. Бірақ дивидендтердің 4,50 долларға дейін көтерілгені туралы жаңалық пен жалпы оң фон жағдайды өзгертті. Нәтижесінде GS бейсенбіні 4,63% өсіммен 975,86 доллар деңгейінде жапты. Ал MS 5,78%-ға көтеріліп, 191,23 доллар болды.

Әлемдік қор нарықтары

АҚШ нарығы:

  • S&P 500 – 6 940 пункт, +0,18%
  • Dow Jones – 49 359 пункт, +0,04%
    АҚШ индекстері баяу болса да, өсім көрсетіп отыр. Бұл инвесторлардың сақтық режимінде екенін аңғартады.

Қытай нарығы:

  • Hang Seng – 26 844 пункт, +2,18%
  • Shanghai – 4 101 пункт, +0,37%
    Қытай нарығында айтарлықтай серпін бар. Әсіресе Hang Seng индексінің қарқынды өсуі аймақтағы оң жаңалықтармен байланысты болуы мүмкін.

Ресей:

  • Мосбиржа – 2 733 пункт, +0,56%
    Ресей нарығында да қалыпты өсім байқалады.

Ұлыбритания:

  • FTSE 100 – 10 235 пункт, +1,90%
    Британ нарығы аптадағы ең жоғары өсімді көрсетті.

Қазақстан:

  • KASE – 7 290 пункт, -0,12%
    Қазақстан қор нарығында аздаған төмендеу тіркелді. Бұл жергілікті акциялардағы қысымның бар екенін көрсетеді.

Шикізат және крипто нарығы

Апта қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай бағасы 64,27 доллар деңгейіне жетіп, +1,29% өсті. Бұл – мұнай нарығында сұраныстың біршама тұрақтанғанын білдіреді.
Алтын бағасы 4 609,9 доллар болып, +1,68% өсім көрсетті. Инвесторлардың қауіпсіз активтерге қызығушылығы әлі де сақталып отыр.
Bitcoin бағасы 95 220,16 доллар деңгейіне дейін көтеріліп, апта ішінде +5,05% өсім тіркеді. Бұл – криптовалюта нарығында белсенділіктің артқанын көрсететін маңызды белгі.

Теңге

Теңге осы аптада 510-511 дәлізінен шықпады. Жұма күні  валюта саудасы 357  млн долларға дейін жетіп, аптаны 511,25 теңгемен жапты. КТК құбырына жасалған шабуылдар мұнай экспортына әсер етсе-доллар бағамына да тікелей әсер етуі мүмкін.

Қазақстан нарығы

Қазақстан нарығы апта қорытындысы бойынша әлсіз нәтиже көрсетті. KASE индексі -0,12% төмендеп, 7 290 пунктке түсті. Нарықтағы басты драйвер – Kazatomprom (+5,6%), уран секторына сұраныс артты.

Ал банктер мен телеком секторында төмендеу байқалды: Halyk (-0,7%), BCC (-0,6%), Kcell (-1,1%). Ең көп құлдырағандар – Kaspi (-3,4%) және Freedom (-3,3%).