Астананың жылу орталықтарына Siemens-тің цифрлық жүйелері енгізіледі

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: gov.kz

Энергетика министрлігі мен Siemens энергонысандардағы цифрлық басқару жүйелерін бағалау бойынша пилоттық жобаны іске асырып жатыр.

Министрліктің мәліметінше, Siemens компаниясы «Астана-Энергия» АҚ энергия нысандарында (1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО) SCADA-жүйелеріне пилоттық зерттеу жүргізген. Аталған жүйе энергетика саласындағы  жаңғыртудың кешенді тәсілін қалыптастыруға бағытталған.

«Жұмыс шеңберінде SCADA жылу жүйелерінің жай-күйіне бағалау жүргізіп, оның технологиялық және ақпараттық тәуекелдер анықтайды. Сондай-ақ энергия нысандары жұмысының сенімділігі мен тұрақтылығына әсер ететін түйткілді тұстар айқындалады. Пилоттық зерттеудің нәтижелері SCADA-жүйелерін жаңғырту, өнеркәсіптік және ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша бірыңғай талаптар мен ұсынымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ еліміздің басқа да энергия және жылу өндіруші нысандарына озық тәжірибелерді кейіннен тарату үшін негіз болады», –  делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда энергетика саласына арналған киберқауіпсіздік орталығы құрылатыны хабарланған еді. Оның мақсаты – жылу-энергетика орталықтары (ЖЭО) мен отын-энергетикалық кешеннің басқа да нысандарын хакерлік шабуылдардан қорғау.

Сондай-ақ оқыңыз