
Жамбыл облысы Байзақ ауданында ер адам «Сергек» камерасына оқ атқан. Осыған қатысты бөтеннің мүлкін қасақана жою ісі әкімшілік сотта қаралды.
Оқиға 2025 жылдың желтоқсанында болған. Ер адам «Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» тас жолында «Сергек» камерасына пневматикалық мылтықтан оқ атқан.
Сотта құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, келген залал ішінара өтелгенін хабарлады.
Сот ер адамның кінәсін мойындауын жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабы 1-бөлігінде 50 АЕК (216 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салу не 5-20 тәулікке әкімшілік қамауға алу көрсетілген.
Сот қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, 196 мың теңге айыппұл төлейтін болды.
Қаулы заңды күшіне енді.