СҚО-да өрт шыққан үйден бес жастағы қыздың денесі табылды
Жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тұрғын үй ішінен баланың мәйітін тапты.
18 қаңтарда Ольшанка ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Құтқарушылар оқиға орнына келгенше үй толық өртеніп, шатыры құлап кеткен. Өртті сөндіру кезінде үйдің ішінен кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылған.
Облыстың ТЖД хабарлауынша, өрт үйдегі пештен шыққан.
Halyqstan Telegram арнасының жазуынша, ересектер бес жастағы қызды үйде жалғыз қалдырып, есікті құлыптап кеткен.
Бұған дейін Kursiv.Media кейінгі жылдары өрттен қайтыс болған балаларға қатысты ақпаратты топтастарды.