Зарина Дияс – Паула Бадоса: Australian Open турнирін қайдан көруге болады

Мельбурн қаласында маусымдағы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Australian Open ресми түрде басталды.
Турнирдің бірінші айналымында қазақстандық теннисші Зарина Дияс (WTA рейтингінде №285) әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы, Испания өкілі Паула Бадосамен (WTA №26) кездеседі.
Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 12:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде осы сілтеме арқылы көруге болады.
Айта кетейік, Зарина Дияс Australian Open турниріне Қытайда өткен The Australian Open Asia-Pacific іріктеу жарысы арқылы жолдама алды. Іріктеу кезеңінің финалында Тайбэй теннисшісі Лян Эньшуоны 6:3, 6:4 есебімен жеңген.
Зарина Диястың Australian Open жарысындағы ең үздік нәтижелері – 2014, 2015, 2020 және 2021 жылдардағы үшінші айналымға дейін жеткен.
Бұдан бөлек, Australian Open турнирінде тағы бес теннисшіміз өнер көрсетеді.