Lifestyle

«Жақында үшеу боламыз»: желіде Дариға Бадықованың аяғы ауыр деген сыбыс шықты

Фото: instagram

Олжас Абай мен Дариға Бадықованың «Сен керексің» әніне түсірілген бейнебаянының кадрлары желіде жұрт талқысына түсіп жатыр. Әсіресе, Бадықованың сырт-келбеті мен киген киіміне қарап, кейбірі «Дариғаның аяғы ауыр сияқты» деп жазды. Оған қоса, клипте Олжас артқа бұрылып, үш саусағын көрсетеді. Оның да астарын көпшілік әрқалай талдап жатыр. 

ТикТок желісінде Бадықованың продакшнына тиесілі Dbadykova_production парақшасына «Сен керексің» бейнебаянының үзінділері жиі салынып жүр. Мұнысы, әрине, жаңа шыққан ән мен көктемде жарық көретін фильмді таныту мақсатында жасалып жатқан маркетиң амалы екені белгілі. Әнге түсіріліп жатқан видео саны да аз емес. Осы ретте парақшадағы посттардың астына жазылатын пікірлерде де қызу талқы жасалатынын байқадық. Атап айтқанда, кей оқырман Бадықованың киіміне қарап, «іші шығып тұрғандай көрінеді» деп, «жүкті шығар» деген болжам жасап отыр.

«Қуанып тұрмын. Егер жүкті болса, аман-есен бауырына алсын» деп жазып жатыр. 

Кеше жүктелген үзінді видеода Олжас Абай сахнада тұрған жерінде үш саусағын көрсетіп, белгі бергендей болады. Бұған қатысты да талқының ішінде «Біз жақында үшеу боламыз деп тұр» дегендер табылды. Енді бірі «үшінші әйел керек деп тұрған шығар» деп әзілдеді. Десе де, көп пікірдің ішінде «Таптым-ау сені 3 шығатын болар» дегендей логикаға сыятын нұсқалар да бар. Бұлай дейтініміз продакшн қазіргі таңда шынымен «Таптым-ау сені» фильмінің үшінші бөлімін түсіріп болғаны белгілі. Фильм 26 наурызда көрерменге жол тартады деген ақпарат бар. 

@dbadykova_production

Сен керексің

♬ оригинальный звук – ochooou.official

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Олжас Абай мен Дариға Бадықованың шетелде бірге демалып жүргені туралы жазған едік.