Блогер Камила Әділхан жүре алмай, талып қала беретіні сиқырдан болғанын айтты 

Жарияланды 19 Қаңтар 2026 12:32

Торғын Қабен

Торғын Қабен

фото: Камила Әділханның инстаграм парақшасынан

E.kamik деген атпен белгілі блогер Камила Әділхан біраз уақыттан бері белі ауырып, кейде талып қалып жүргені жайлы жазып жүрген. Дәрігерлердің өзі себебін таба алмай, анализдер таза шықты деген. Күні кеше блогер Instagram парақшасының stories бөліміне «мұның себебі көреалмаушылық пен қызғаныштан жақын адамдардың бірі сиқыр жасағаннан» деп сыр бөлісті.   

Камиланың айтуынша, нағыз жұмысы қызып жатқан маңызды сәттерде үнемі ауырып қала беретінін байқаған. Ойластырған жобасына қанша күш салып жатса да, әлі жарыққа шыға алмай жатқаны содан дейді-мыс. Оған қоса қайта-қайта шаршай беретінін, бір жарым жылдан бері күнде мағынасы бірдей түс көріп келе жатқанын да жазған.

«Адам көреалмаушылықтан, қатты қызғаныштан не істерін білмей сиқыр жасайды екен. Естісеңіздер шок боласыздар. Көбіне жақын адамдар жасайды екен. Сиқыр бар. Жасаса оның арты көбіне ажырасу, жаман ауру, жынданып кетіп, қатты депрессияға кіріп шыға алмау сияқты жамандықпен аяқталады, егер тазаланбаса», – деді блогер.

Қазіргі таңда күйеуі екеуі Құранмен тазаланып жүр екен. Сөзіне сенсек, екінші күні барғанда көзі ашылып, ұйқысы тыныштала бастаған.

«Егер отбасыңызда береке қашып, қарым-қатынас түсініксіз болып бара жатса, қанша әрекет етсеңіз де жұмысыңыз жүрмей жатса, денсаулығыңыз сыр беріп, дәрігерлер себебін таба алмаса, бір жақсы имам тауып, қаралып алыңыз. Сиқырдан дер кезінде құтылу керек. Ол ойыншық емес», – дейді Камила. 

 Блогер инстаграмда көп нәрсені көрсетпегенін айтып отыр. Қазір басынан өтіп жатқасын осындай жағдайда жүргендерге пайдасы тиіп қалар деген оймен бөліскенін жазды.

Осыған дейін Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікпен ұсталған адам Камила Әділханның күйеуінің туысы болып шыққан. Бұл жайында ерлі-зайыпты блогерлер өздері хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз