Астанадағы колониялардың бірінде сотталғандарды 12 сағат жұмыс істуге мәжбүрлеген
Жарияланды

Астана прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде еңбек заңнамасының бұзылғанын анықтады. Тексеру барысында бір колонияда сотталғандар белгіленген нормадан артық, күніне 12 сағаттан астам жұмыс істеген.
Сонымен қатар кейбір сотталғандарға еңбекақы уақытында төленбеген, ал олардың еңбек шарттары да бұзу жасалған.
Тексеру нәтижесі бойынша 13 сотталғанға артық жұмыс сағаттары үшін Еңбек кодексінің 108-бабына сәйкес өтемақы төленді.
Жауапты қызметкерлер «Еңбекақы төлеу талаптарын бұзу» деп көрсетілген Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 87-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Еске салсақ, Алматы қаласында кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің жаңа мекемесі ашылды.