Жазғы спорт

Әлімханұлының допинг дауы: федерация екінші сынаманың нәтижесі туралы айтты

Жәнібек Әлімханұлы допинг
Әлімханұлының допинг дауы: федерация екінші сынаманың нәтижесі туралы айтты / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының екінші сынамасының нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Кazinform. Бұл туралы агенттікке федерация президенті Рахымжан Есенбеков хабарлаған.

«Жақында Америкадан келген Vada-дан 34 бетті қорытынды сараптама келіп, В сынамасы расталды (Әлімханұлының қанында допинг болғаны расталды – ред.). Қазір Жәнібектің юрисдикциясын біздің федерация алды, өйткені ол біздің федерацияның лицензияланған боксшысы. Және ол қатысқан соңғы бокс кеше Астанада өтті, онда біздің келісімімізбен шаршы алаңға шыққан. Қазіргі негізгі сұрақ ол мұны саналы түрде қабылдады ма? Немесе допинг оның денесіне қалай енді? – деді кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Есенбеков.

Бұл ретте Ерсенбеков WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг-сынамасына байланысты іс бойынша қайта тыңдау өтетіні туралы мәлімдеген еді.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшының допинг қолдануы мүмкін деген ақпарат тараған. Осыған байланысты жанкүйерлер мен спорт қауымдастығы ресми қорытындыны асыға күтіп отыр.