Жаңалықтар

Алматыда 21 қаңтардан бастап екі автобус бағыты өзгереді

Олар – № 14 маршрут және № 44 маршрут / Фото: Shutterstock
Олар – № 14 маршрут және № 44 маршрут / Фото: Shutterstock

2026 жылғы 21 қаңтардан бастап Алматы қаласында № 14 және № 44 автобус маршруттарының қозғалыс бағыты өзгереді.

Бұған Әбділдин көшесі, 25-мекенжайында «Алматы Су» МКК жүргізіп жатқан апаттық жөндеу жұмыстары себеп болған.

Zakon.kz ақпаратына қарағанда, екі маршруттың жаңа сызбасы жарияланған.

№ 14 маршрут

Оңтүстік бағытта: Бекешева көшесі → Жандосов көшесі → Дәулеткерей көшесі → Айтматов көшесі, әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.

Кері бағытта: Айтматов көшесі → Абдильдина көшесі → Дәулеткерей көшесі → Жандосов көшесі → Бекешева көшесі, әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.

№ 44 маршрут

Оңтүстік бағытта: Бекешева көшесі → Жандосов көшесі, әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.

Кері бағытта: Жандосов көшесі → Бекешева көшесі, әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.

Мұның алдында Алматыда жаңа автобус маршруты іске қосылған еді.