Lifestyle

Алматыда Оңтүстік Кореялық тележоба түсірілді

фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Оңтүстік Кореядағы ең танымал тележобалардың бірі түсірілді. Қала әкімдігінің мәліметінше миллиондаған көрермені бар SBS телеарнасының «Менің кішкентай бойдақ жігітім» телешоуы Алматыда түсірілді.

Алматы – корей тележобасының жаңа локациясы

Түсірілім жұмыстарына Кореяға кеңінен танымал актерлер Пэ Чон Нам, Ли Сон Мин, Ким Сон Гюн және Ким Чон Су қатысты. Жобаның негізгі кадрлары Алматының көрікті әрі туристік нысандарында түсірілді. Олардың қатарында Көктөбе, Шымбұлақ, Медеу, Көк базар, Көлсай көлдері және қаланың өзге де табиғи әрі мәдени локациялары бар.

Жобаның режиссер-операторы Алматы қаласы өзіне ерекше әсер қалдырғанын атап өтті. Оның айтуынша, қаладағы заманауи урбанистік орта мен әсем табиғаттың үйлесімі, таза ауа мен таулы көріністер Алматыны басқа туристік бағыттардан айрықша көрсетеді. Осы ерекшелік түсірілім барысында командаға үлкен шабыт берген.

Телешоудың жаңа маусымы 2026 жылдың ақпан айының басында SBS телеарнасынан эфирге шығуы жоспарланып отыр.