Жаңалықтар

Баллонмен сырғанау неге қауіпті

Ал автокөлік дөңгелегінің камералары мүлде сырғанауға арналмаған / фото: ашық дерек көзі
Ал автокөлік дөңгелегінің камералары мүлде сырғанауға арналмаған / фото: ашық дерек көзі

Қыста екінің бірі тюбингпен – баллонмен сырғанағанды ұнатады. Алайда қауіпсіздік ережелері сақталмаса, бұлай сырғанау аса қауіпті. Осыған орай дәрігерлер ескерту жасап отыр.

Олардың пікірінше, тюбингтерді басқару қиын. Олар тез жылдамдық алады, бірақ тежегіші болмайды. Бұл жолдардың, ағаштардың және адамдардың маңында сырғанау кезінде соқтығысу қаупін арттырады. Ал қолдан жасалған баллондар – автокөлік дөңгелегінің камералары мүлде сырғанауға арналмаған. Тағы бір қауіпті жайт, балалар көбіне ересектердің қарауынсыз сырғанайды.

Десе де, қауіпті азайтуға болады. Ол үшін тек арнайы жабдықталған сырғанақтарды таңдаңыз. Егер тюбинг оған арналмаған болса, тік тұрып немесе екеулеп сырғанамаңыз. Балаларды міндетті түрде бақылауда ұстаған абзал. Қауіпсіздік ережелерін түсіндірген жөн.

Айта кететін жайт, сноубордты «Шымбұлақ» тау-шаңғысы мектебінде, «Ой-қарағай» курортында үйренуге болады.