Банк пен қаржы

Мәдина Әбілқасымова ҚНРДА төрағасының жаңа орынбасарын ұжымға таныстырды

Мәдина Әбілқасымова ҚНРДА төрағасының жаңа орынбасарын ұжымға таныстырды / Фото: ҚНРДА

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова ұжымға агенттік төрағасының орынбасары болып тағайындалған Нұржан Тұрсынхановты таныстырды.

Нұржан Тұрсынханов бағалы қағаздар нарығын, сақтандыру секторын, сондай-ақ, қаржы нарығындағы киберқауіпсіздікті дамыту және реттеу бағыттарына жетекшілік ететін болады. Агенттік басшысы оның мол кәсіби тәжірибесі мен сараптамасы бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамытуға және елдегі қаржылық тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, бұл қызметке тағайындалғанға дейін Нұржан Тұрсынханов Ұлттық банк жанындағы Монетарлық операциялар департаментін басқарған. Ол қаржы нарығында 20 жылдан астам еңбек өтіліне ие. Сондай-ақ, «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» төрағасының орынбасары қызметін атқарған.