
2026 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Соған байланысты кәсіпкерлер үшін салық режимдері үшке дейін қысқарды. Егер сіз бизнес жүргізсеңіз, 1 наурыз 2026 жылға дейін өзіңізге қолайлы салық режимін таңдауыңыз қажет. Уақытында хабарлама берілмесе, салық органдары автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген режимге көшіреді.
2026 жылдан арнайы салық режимдерінің (АСР) саны жетіден үшке дейін азайды. Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндіруінше, бұл өзгеріс салықтық әкімшілендіруді жеңілдету үшін жасалған. Енді кәсіпкерлер төмендегі үш режимнің бірін ғана таңдай алады:
🔹 Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР
🔹 Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР
🔹 Шаруа және фермер қожалықтарына арналған АСР
Комитеттің арнайы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шынбергеннің айтуынша, бұрынғы жеті режим оңтайландырылып, ең кең таралған және түсінікті үш форматта біріктірілген.
Оңайлатылған декларация негізіндегі режим
Бұл режимді қолдануды жоспарлап жүрген жеке кәсіпкерлер міндетті түрде 2026 жылдың 1 наурызына дейін салық режимін таңдау туралы хабарлама тапсыруы керек.
Егер хабарлама берілмесе, кәсіпкер автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген режимге ауыстырылады. Бұл жағдайда салық жүктемесі артып, есептілік күрделене түседі. Режимнің ауысуы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептеледі.
Хабарламаны тапсыру жолдары:
- Салық төлеушінің кабинеті («Құжаттарды тапсыру» бөлімі);
- E-Salyq Business мобильді қосымшасы;
- Тіркелген жердегі Мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде;
- Банк қосымшалары.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим
Егер сіз 2025 жылы патентпен немесе арнайы мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген болсаңыз, 2026 жылдың 1 наурызынан кейін салық органдары сізді жеке кәсіпкер ретінде автоматты түрде есептен шығарады.
Есептен шығару күні 2026 жылдың 1 қаңтары деп танылады.
Алайда, егер кәсіпкер басқа режимді таңдағаны туралы хабарлама берсе, автоматты есептен шығарылмайды. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режимін қолдану E-Salyq Business қосымшасында алғашқы чекті қалыптастырған күннен басталады.
Шаруа және фермер қожалықтарына арналған режим
Аграрлық саладағы кәсіпкерлер үшін өтпелі кезең барынша жеңілдетілген. Шаруа қожалықтарына арналған арнайы режимге автоматты түрде көшіріледі және ешқандай хабарлама тапсырудың қажті жоқ.
.2026 жылғы басты өзгерістердің бірі – бөлшек салық режимінің толық жойылуы. Сондай-ақ патент, тіркелген шегерім сияқты режимдер де күшін жойды. Олар жаңа, ірілендірілген режимдердің құрамына біріктірілді.
Жеке кәсіпкер қандай режимже жұмыс істейтініні жөніндегі хабарламаны 1 наурыға дейін жіберуі тиіс. Ал 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жіберілген хабарлама жарамайды.