«Қайрат» – «Брюге» матчының тікелей трансляциясы

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Бүгін, 20 қаңтарда, Алматының «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының 7-тур аясында бельгиялық «Брюгге» командасымен кездеседі.

Ойын сағат 20:30 да «Астана Арена» стадионында өтеді.

Қайдан көруге болады

«Қайрат» – «Брюге» арасындағы ойынды Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар матчты телеарнаның ресми сайтынан онлайн көруге мүмкіндік бар.

Командалардың турнирлік жағдайы

Алты турдан кейін алматылық «Қайрат» бар болғаны 1 ұпай жинап, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі турнирлік кестеде 36-орында тұр.
Ал «Брюгге» командасының еншісінде 4 ұпай бар, бельгиялық клуб қазіргі таңда 30-орынды иеленіп отыр.

Бұған дейін, «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаель Уразбахтин команданың дайындығы мен қақпашы Темірлан Анарбековтің болашағы жайлы айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз