
Қаңтар айында қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына қандай қызмет үшін барды? Қазақпарат жазуынша, тұрғын үй тіркеу мен зейнетақы алу бағыты ең танымалдардың қатарында болған.
ХҚКО-дағы танымал бес бағыт:
- жылжымайтын мүлікті тіркеу – 43 433 обращения;
- базадағы мәліметтерді түзету – 15 050;
- кадастрлық және техникалық дерек, техникалық құжат алу – 14 173;
- базалық зейнетақы тағайындау – 9 712;
- жасына байланысты зейнетақы – 9 392.
Ескерте кетейік, ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші және мамандандырылған орталықтар азаматтарды жұмыс күндері 20:00-ге дейін, ал сенбі күндері 13:00-ге дейін қабылдайды. Сондықтан қажетті құжаттарды тіпті жұмыстан кейін де рәсімдеп үлгеруге болады.
Жақында ЖИ және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ХҚКО-ның форматы өзгеретінін айтқан. Олар енді жәй орталық емес Apple Store тәрізді жұмыс істейтін болады.