Lifestyle

«Құшақташы мама» фильмі кинопрокат көшін бастады

фото: скрин

15–18 қаңтар аралығындағы отандық кинотеатрлардың кассалық түсімдері белгілі болды. Freedom Ticketon ұсынған Box Office деректеріне сәйкес, «Құшақташы мама» фильмі көрермен жинау бойынша бірінші орынға шықты.

Аталған картина бір апта ішінде 265 389 696 теңге табыс тауып, прокаттағы басты бәсекелестерін артта қалдырды. Осылайша фильм «Аватар: От пен күл» мен «Горничная» туындыларынан жоғары нәтиже көрсетті.

Екінші орында «Горничная» фильмі екі аптада 206 401 975 теңге жинаған. Ал бес аптадан бері көрсетіліп келе жатқан «Аватар: От пен күл» фильмі 143 233 675 теңгемен үшінші орынға жайғасты.

Айта кету керек, «Аватар: От пен күл» фильмінің кинопрокаттаға табысы 2,4 млрд теңгедес асты.

Бұған дейін, «Құшақташы мама» фильмінің тұсаукесерінде актер Мақсат Рақмет өнердегі анасы Гүлжамал Қазақбаеваға Умраға жолдама сыйлағаны туралы жазған едік.