Қызылордада жаңа Драма театр салынады
Жарияланды

Ұлттық құрылтайда сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында жаңа Драма театр салу жоспарда бар екенін айтты. Мемлекет басшысы құрылысты биыл бастауды тапсырды.
Сондай-ақ Президент Қызылордаға заман талабына сай жаңа кітапхана қажет екенін атап өтті.
«Мен зиялы қауым өкілдерімен кездескен кезде заманға сай кітапхаан салу керек екенін де айттым. Биыл бұл құрылыс та басталуы керек», – деді Президент.
Айта кетейік, бүгін Қызылордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтіп жатыр.