
21 қаңтарға қараған түні мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі кезекті ойынын өткізеді. Турнирдің 7-турында «корольдік клуб» өз алаңында франциялық «Монаконы» қабылдайды.
Алдыңғы турда Чемпиондар лигасында мадридтік команда сырт алаңда «Манчестер Ситиден» 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді. Алты турдың қорытындысы бойынша «Реалдың» еншісінде 12 ұпай бар, команда турнирлік кестеде 7-орында тұр.
Ал «Монако» алдыңғы ойында «Галатасарайды» 1:0 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпай еншіледі. Қазіргі таңда франциялықтар 7 ұпаймен 19-орынға жайғасып отыр.
«Реал Мадрид» – «Монако» кездесуі 01:00-де (Астана уақытымен) басталады. Матчтың тікелей трансляциясы QazSport телеарнасынан көрсетіледі.
Еске сала кетейік, «Реал Мадрид» чемпиондар лигасы аясында Алматыға келіп, «Қайрат» командасымен де ойнаған еді.