Саяси реформа талқыланатын Ұлттық Құрылтай съезі басталды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Ұлттық Құрылтай Қызылорда
фото: Ақорда

20 қаңтарда Қызылорда қаласында Ұлттық Құрылтайдың 5-съезі ашылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық ететін жиында саяси реформалар, соның ішінде бір палаталы парламент құру мәселесі сөз болады.

Съезд подиумындағы президенттің екі жағында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен сенатор Бибігүл Жексенбай отыр. Форумға республиканың түкпір-түкпірінен жүздеген адам жиналды.

БАҚ өкілдерін съезд өтіп жатқан «Достық үйіне» кіргізбеді. Журналистер оның қасындағы «Отбасы үйінде» отыр.

Ұлттық Құрылтай Қызылорда
фото: Талғат Дүйсенбек

Қызылордаға келген сарапшылардың бірінің айтуынша, съезд барысында мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасауы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз