Volkswagen 2026 жылы Қазақстанда жаңа модельдерін таныстырады

Неміс бренді Volkswagen Қазақстан авто нарығында позициясын нығайтуды жоспарлап отыр. Дистрибьютор компания 2026 жылы модельдік қатар кеңейетінін жариялады.
Қазір Қазақстанда ресми түрде сатылатын Volkswagen кроссоверлері – Touareg Словакияның Братислава қаласындағы зауытта шығарылады. Сол платформада жасалатын Audi Q7 және Q8 кроссоверлері де Қазақстан нарығында қолжетімді.
«Volkswagen бренді Қазақстан нарығында қарқынды дамуды жалғастырады. Модельдік қатар айтарлықтай кеңейеді, сондай-ақ брендтің елдегі қатысуы күшейеді. Ресми жаңа модельдер, конфигурациялар және шығу мерзімдері туралы ақпарат кейінірек жарияланады», – делінген Orbis Auto (Volkswagen Қазақстанның ресми дистрибьюторы) хабарламасында.
Компания сонымен бірге брендтің дамуы туралы толық ақпарат 2026 жылы ұсынылатынын айтты.
Сондай-ақ естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы Volkswagen Group Қытайда шығарылған автокөліктерді экспорттауды бастады. Компания 2026 жылы нарықтарды кеңейтуді, соның ішінде Орта Азияға жеткізуді бастауын жоспарлап отыр.
Жуырда неміс бренді Volkswagen Toyota Camry-ге бәсекелес – Magotan PHEV моделін таныстырған болатын.