Lifestyle

Әлемге әйгілі The Kills дуэті Алматыда өнер көрсетеді

The Kills выступят в Алматы на фестивале Park Live 2026
Фото: static.spin.com бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Танымал The Kills дуэті биыл тамыздың 21–23 күндері Park Live Almaty фестивалінде өнер көрсетеді. Freedom Ticketon сервисі фестиваль билеттері сатылымға шыққанын хабарлады.

Электро және акустикалық гитараның үйлесімі, әсерлі вокал мен драм-машинаның ырғақты үні – The Kills дуэтінің басты ерекшелігі. Минималистік пост-панк стилінде өнер көрсететін ұжым әлемдік музыка сахнасында өзіндік қолтаңбасымен танылған. Дуэт құрамында америкалық вокалист Элисон Моссхарт пен британдық гитарист Джейми Хинс бар. Олардың әндері алғашқы секундтардан-ақ тыңдарманды баурап алады.

«Алматы біртіндеп аймақтың фестиваль орталығына айналып келеді. Біздің мақсат – Қазақстанға «үлкен музыканы» көбірек тарту. Былтыр фестивальге 40 мыңнан астам көрермен жиналды», – дейді Park Live Almaty фестивалінің ұйымдастырушылары.

Айта кетейік, The Kills-пен қатар фестиваль сахнасында әлемге әйгілі Jack White, Gorillaz секілді аңызға айналған әртістер, сондай-ақ қазақстандық талантты музыканттар өнер көрсетеді.

Park Live Almaty фестивалінің билеттерін Freedom SuperApp арқылы кэшбекпен сатып алуға болады. Билет бағасы 40 мың теңгеден басталады. Сонымен қатар қонақтар үшін VIP-аймақтар да қарастырылған.