Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (ATP №10) Аустралия ашық чемпионатындағы (AO-2026) екінші матчында жеңіске жетті. Америкалық Дженсон Бруксбиді (48) ұтқаннан кейін қазақстандық теннисші венгриялық Мартон Фучовичті (54) үш сетте тізе бүктірді.
33 жастағы венгр теннисшісі жеке кездесулердегі 1:5 есебіне қарамастан, 28 жастағы Бубликке лайықты қарсылық көрсетті.
Кездесу 2 сағат 13 минутқа созылды.
Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымында Александр Бублик аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен (62) кездеседі. Турнирдің алғашқы кезеңінде Этчеверри серб Миомир Кецмановичті (60) бес сетке созылған, шамамен төрт сағатқа жуық матчта жеңді – 6:2, 3:6, 4:6, 6:3, 6:4. Кейінірек британдық Артур Фериді (186) – 7:6 (7:1), 6:4, 6:1 есебімен ұтты. Жеке кездесулерде Бублик аргентиналықтан – 2:1 есебімен алда.
Айта кетейік, бүгін AO-2026 турнирінде Қазақстан ерлер арасындағы жекелей сында үшінші ойыншысынан айырылды. Дмитрий Попко мен Зарина Диястан кейін жарысты Александр Шевченко да аяқтады. Жұптық сындағы бірінші айналымы үшін 12 300 доллар, ал жекелей сындағы екінші кезең үшін 150 750 доллар сыйақы алды.
Қазіргі уақытта Мельбурндегі бәсекені Александр Бубликпен қатар Юлия Путинцева (үшінші айналымға шықты) және Елена Рыбакина жалғастырып жатыр.