
Астанада «Қайрат» пен «Брюге» матчында стадионда бельгиялық жанкүйерлер «Борат» фильмінде кеңінен танылған ашық жасыл түсті купальникті киіп, елді мазақ етті.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, үш шетелдік жанкүйер полиция бөліміне жеткізілді.
«Қоғамдық орында мас күйінде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін аталған азаматтарға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Құқық бұзушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, «Борат» – британ актері Саша Барон Коэн сомдаған кейіпкер туралы фильм. Фильмде Қазақстанды мүлдем шындыққа жанаспайтын, бұрмаланған түрде көрсетеді.
Бұған дейін, Димаш Құдайберген Саша Баронға бірнеше рет хабарласып, кездесуге шақырғанын айтқан еді.