Бес жылда Солтүстік Арал теңізін сақтау жобасының екінші кезеңі аяқталады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Солтүстік Арал теңізін сақтаудың екінші кезеңі аяқталуға жақын
фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Арал теңізін сақтау жобасының екінші кезеңі жақын арада аяқталады. Ол үшін Көкарал бөгеті қайта құрылып, теңіз деңгейі 44 метрге дейін көтеріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов баяндады.

«Нәтижесінде Солтүстік Аралдың ауданы 3 913 шаршы шақырымға, ал көлемі 34 млрд текше метрге дейін артады. Теңізді осы белгілерге дейін толтыру мерзімі 4-5 жылды құрайды», – деп атап өтті министр.

«2023 жылы Солтүстік Арал көлемі 18,4 млрд текше метр болса, қазір көлемі 23 млрд текше метрге дейін ұлғайды. Өзбекстанмен трансшекаралық су нысандары бойы дипломатиялық келісім жүргізу, Сырдария өзеніндегі су қоймаларының жұмысын реттеу осындай нәтиже берді», – дейді ведомство басшысы.

Қазіргі уақытта Көкарал бөгетін жаңарту және Арал өңірінің су жүйесін жақсарту үшін халықаралық ұйымдармен келіссөздер жүріп жатыр. Осы маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін биылғы жылдың соңына дейін шетелдік инвестиция тарту жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз