Ердоған Шакил О’Нилмен баскетбол ойнады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: X/RTErdogan

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) төрт дүркін чемпионы, аты аңызға айналған спортшы Шакил О’Нил Ыстанбұлда бейресми жағдайда кездесті.

Кездесу Turkcell баскетболды дамыту орталығында өтті. Түркия басшысы бұл іс-шарадан фотосуреттерді әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті.

Президент пен атақты баскетболшы жас спортшылармен бірге алаңға шығып, баскетбол ойнады. Ойын соңында Ердоған мен О’Нил жас ойыншыларға арнап баскетбол доптарына қолтаңбаларын қалдырды.

Шакил О’Нил — әлемдегі ең танымал баскетболшылардың бірі, өзінің кәсіби мансабында төрт рет NBA чемпионы атанған.

Осыған дейін Ердоған мен Италия премьер-министрі  Джорджа Мелонимен қызық кездесуі жайлы жазған едік. Түркия президентіне  темекіні тастауға кеңес берді.

Сондай-ақ оқыңыз