Газ компаниясы салықтық тексеруге қарсы миллиард теңгелік сотты жеңіп алды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Газ өндіру
Газ компаниясы салықтық тексеруге қарсы миллиард теңгелік сотты жеңіп алды / Фото: gov.kz

Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті «Интергаз Орталық Азия» компаниясының 1 млрд теңгеге қосымшы құн салығын қайтарудан бас тартқан. Ал елордалық Сот болса, бүгін компания жағына шығып, салықты қайта қарауды тапсырды.

«Интергаз Орталық Азия» сотқа 2025 жылғы 30 қыркүйектегі салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тануды және күшін жоюды талап етіп, елордалық Мемлекеттік кірістер департаментіне талап арызбен жүгінді.

Істі қарау қорытындысы бойынша сот компанияның жағына шықты: 1 млрд теңгеге ҚҚС қайтарудан салықтық бас тартуды заңсыз деп таныды және салық органдарын мәселені қайта қарауға міндеттеді.

Енді Астана қаласы бойынша МКД ҚҚС қайтару бойынша әкімшілік рәсімді аяқтауға міндетті. Бұдан бөлек, компаниялар 10,1 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік бажды қайтаруы тиіс.

«Интергаз Орталық Азия» Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін пайдаланумен және қызмет көрсетумен айналысады. Компания QazaqGaz еншілес кәсіпорны,а лол болса «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына кіреді.

Қазан айында осы компанияға Ақтөбе облысында экологиялық норманы бұзғаны үшін 1,2 млрд теңгеге айыппұл салынғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз