Жаңалықтар

Кентауда ер адам екі өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды/фото: shutterstock

Кентау қаласында 45 жастағы ер адам өгей қыздарын бес жыл бойы зорлаған деген күдікке ілінді. Түркістан облысы полициясының хабарлауынша, осы жағдайға қатысты арыз 2025 жылдың желтоқсанында түскен.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, ер адам екі қызды 6 және 8 жасынан бастап зорлап келген.

«Бұл жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция.

Тергеу барысында өзге ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін Шымкент полициясы «17 жастағы қызды еркінен тыс алып қашып, зорлаған» күдіктіні ұстады.